Атырауда 82 жастағы ақсақал коронавирустан сауығып шықты ​

2981
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/doctor-header-960x500.jpg?token=b0d73513c6908a4fdeed87f9c6f6b68e
«Қазір  коронавирустан айыққан ақсақал облыстық кардиологиялық диспансеріне орналастырылды» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.​ ​ Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, 82 жастағы емделуші облыстық кардиологиялық диспансеріне жатқызылды.​ ​ «Екі жақты пневмония, яғни, өкпенің қабынуын тудырған коронавирус инфекциясы науқастың жүрек қан тамырларындағы ишемиялық ауруын қоздырып жіберді. Қазіргі таңда науқас кардиостимулятор аппаратына қосылулы» деді Гүлнафис Таңбаева.​ ​ Қазіргі кезде  науқас тиісті ем қабылдап жатыр. Аритмологтар мен кардиологтардың бақылауында.​

"Адырна" ұлттық порталы

 
评论