А.Есмағамбетова: коронавирус жұқтырушылар 5 300-ге жетеді

3436
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/ajzhan-960x500.jpg?token=daf264345f5e63b1bb244f6cb6c3a3bb
Бас санитар Айжан Есмағамбетова мамырдың аяғына дейін  коронавирус жұқтырғандардың саны 5 300-ге жетеді деді. "Жалпы Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркеледі деп болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін 5 300 науқас болуы мүмкін. Осыған дейін айтқанымдай жағдайлардың көбі сырттан келгендерден тіркеліп жатыр. Соңғы екі аптада ондай 200 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш сыртқы қауіпті білдіреді, бірақ ішкі емес", - деді бас санитар . Айжан Есмағамбетова бұған дейін індет жұқтырушылар  4 000-ға жетуі мүмкін екендігін  айтқан   еді. Қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді. Қазіргі уақыттағы дерек: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 616 адам, Алматы қаласында – 927, Шымкент қаласында – 189, Ақмола облысында – 98, Ақтөбе облысында – 65, Алматы облысында – 122, Атырау облысында – 131, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Жамбыл облысында – 116, Батыс Қазақстан облысында – 130, Қарағанды облысында – 142, Қостанай облысында – 45, Қызылорда облысында – 187, Маңғыстау облысында – 45, Павлодар облысында – 122, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 124, жалпы 3105 науқас тіркелді.
评论