"Қазақтай кеңпейіл халыққа Тәуелсіз мемлекет деген атақ пен абырой алып береміз",-деп ұлтжанды жастар өрімдей өмірлерін құрбан етті. Сол жастардың ата-анасы әлі күнге дейін қан жұтып, ұл-қызының тірі күнін кермек сағынышпен еске алуда. Алайда біздің желтоқсан оқиғасын 16 желтоқсанда ғана еске түсіретініміз қиын-ақ..Дәл бүгін 27-шілде күні көзі тірі болғанда қазақтың өжет те батыр қызы, желтоқсан құрбаны, «халық қаһарманы» атағын мемлекет бермесе де халқы берген Ләззат Асанова 50 жасқа толар еді. Соған орай«Адырна» ұлттық порталының журналистері Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асановамен бірге алаңға барып, жеті шелпек таратып, гүл шоқтарын қойып кетті.


"Адырна" ұлттық порталы