Дәстүрлі оқыту жүйесі ІІ тоқсанда өз күшіне ене ме?

4655
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/95644a38-e16a-4401-b681-c8618b424fcf.jpeg
Дәстүрлі оқыту жүйесі ІІ тоқсанда өз күшіне енеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап. Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілетін болады.
«Ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін. Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі таңда қазақстандық оқушылар қашықтан білім алуда. Бастауыш сынып оқушылары ата-ананың қалауы бойынша кезекші сыныптарға бара алады.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料