Дәстүрлі оқыту жүйесі ІІ тоқсанда өз күшіне ене ме?

4118
Adyrna.kz Telegram

Дәстүрлі оқыту жүйесі ІІ тоқсанда өз күшіне енеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілетін болады.

«Ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін. Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі таңда қазақстандық оқушылар қашықтан білім алуда. Бастауыш сынып оқушылары ата-ананың қалауы бойынша кезекші сыныптарға бара алады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер