Айға ұшқан аппарат Жерге сәтті оралды

2635
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/e9cb15f9-6d13-4452-8266-145b13c32407.jpeg
Қытайдың «Чанъэ-5» ұшқышсыз ғарыш аппараты Айдың топырағын жинап, Жерге сәтті оралды, деп хабарлайды «Адырна» «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Капсула Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы Хошун (әкімшілік бірлік) Сыцзыван аумағына қонды. Капсула Жерге шамамен 2 кг ай топырағын жеткізді. Чанъэ-5 зонды бастапқыда 2017 жылдың қараша айында іске қосылуы керек еді, бірақ 2017 жылдың шілдесінде Чанчжэн-5 зымыран тасығышының апатына байланысты миссия кейінге қалдырылды. Қытайдың Айды зондтау бағдарламасы үш кезеңнен тұрады: Жер спутнигінің айналасында ұшу («Чанъэ-1» және «Чанъэ-2»), Айға қону («Чанъэ-3» және «Чанъэ-4») және Айдан Жерге оралу («Чанъэ-5» және «Чанъэ-6»). Бірінші және екінші кезеңдер аяқталды.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料