Алматы полицейлері қару-жарақ арсеналын тәркіледі

3487
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/photo_76106.jpeg
Алматыда полиция қызметкерлері павлодардықтан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz порталы. Тәртіп сақшылары күдіктінің 3 рет сотталғанын атап өтті. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 1993 жылы туған А. есімді азамат жалдамалы пәтерде 8 қаруды сақтаған. "Күдікті қамауға алынды. Ер адамнан карабин, винчестер, "Макаров" тапаншасы және әр түрлі үлгідегі 5 шолақ мылтық тәркіленді. Қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамасына жіберілді. Оның нәтижесінде қару-жарақтың кімге тиесілі болғаны, онымен қылмыс жасалған-жасалмағаны анықталады", - дейді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков. Ол бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексіеің 287-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
评论
其他材料