Премьер-министр вакцина салдырды

6901
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/1934cba0-9560-463b-b920-835d3d850b0c.jpeg
Сингапурда вакциналау қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Бүгін қала-мемлекеттің премьер-министрі Ли Сянь Лун екпе салдырды. 68 жастағы саясаткерге Pfizer-BioNTech препараты егілген. Оның айтуынша, вакцина барлық тұрғын үшін, тіпті елдегі шетелдіктер үшін де жеткілікті. Қазір екпені негізінен медицина қызметкерлері мен COVID-19-ға шалдыққан науқастармен тікелей жұмыс істейтін мамандар қабылдауда. Үкімет алдын ала сауалнама жүргізіп, жергілікті халықтың 60%-і вакцина салдыруға ниетті екенін анықтаған.
«Осында келіп, вакцина қабылдағаным үшін өте бақыттымын. Еш ауырған жоқ. 3 аптадан соң қайта келіп, тексерілемін. Екпе салдыру маңызды әрі тиімді. Барлық сингапурлықтар қабылдайды деп сенемін»,-деді Ли Сянь Лун.

«Адырна» ұлттық порталы

评论