Діни сана - демократиялық өзгерістердің қас жауы

3415
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/05/turar-960x500.jpg?token=078256bbcf84f348e1fe82e2c2699577
Заңды белшесінен бұзып, халық даусын ашық бұрмалауға жол берген сайлау деген саяси науқанның әділетсіз өткеніне бәріміз куә болдық. Әлеуметтік желідегі пікірін ашық айтатын кейбір азаматтардың пікірінше халықтың бойында ғасырлар бойы көрген соғыссыз қырғын, ашаршылық, репрессия зардабынан қалған үрей бар. Бұл да қазақтың пассионарлы ұлтқа айналдырмай отырған фактор. Ал менің субъективті пікірім бойынша6 көпшілікті құрайтын дүйім елдің саясатқа немқұрайдылық танытуының негізгі себебі діни фатализмде жатыр. Өмірдегі тирания мен бассыздыққа төзімділікпен қарайтын шүкір-тәубешіл діни сана демократиялық өзгерістердің қас жауы екенін ұлт болып қашан түсінеді екенбіз? Күнделікті тұрмыстағы, яғни өмірдегі барлық процесстерді Құдайдың қалауы деп түсіндіретін діншіл қауымның үгіт-насихатынан толықтай арылмайынша қазақ қоғамы әрқашан авторитарлы болып қала бермек.

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ,

"Демос" ҚБ төрағасы

评论