8 наурыздан бастап үш аптаға қатаң шектеу енгізіледі

1891
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/03c6d1dc-6af9-4fe6-96e3-74882a4c697a.jpeg
Финляндия үкіметі коронавирусқа қатысты жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты 8 наурыздан бастап үш аптаға қатаң шектеу енгізді. Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде Финляндия премьер-министрі Санна Марин мәлім етті, деп хабарлайды Yle агенттігі.  «8 наурыздан бастап Финляндияда локдаун енгізіліп, 28 наурызға дейін созылады», – деді ол. Енгізіліп отырған шаралар аясында орта және жоғары сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылып, 12 жастан асқан балалар үшін сабақ өткізілмейді, сонымен қатар елдегі мейрамханалардың жабылуы жоспарланып отыр.
评论