ҰБТ жаңа форматқа ауысты

3189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/3a4768c4-2c58-436a-a103-ba3e93eccc71.jpeg
Қазақстанда алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды, деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлайды.
"Достар, наурызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде. Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, тестілеу тізіммен өткізіледі", - деді ол.
Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі. Құны - 2 242 теңге. Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.
Тіркелу барысында ҰБТ өткізу пунктінің қайсы жұмыс істейтіні көрсетіледі. Бұған дейін Дидар Смағұлов қазақстандық түлектер ҰБТ-ны үш рет тапсырып көре алатынын хабарлаған болатын. Бір рет ақылы, ал қалған екі рет тегін. Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындағы компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған. Оған түлек өз қалауымен қатыса алады.
评论
其他材料