Үш өңірдің жолы тарс жабылды

2094
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/07788033-3b26-41ea-a2d4-ecfcc12ccb89.jpeg

ИИДМ баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жол жабылғанын хабарлады.

Күн райының бұзылуына байланысты қозғалысқа шектеу келесідей республикалық жолдарда енгізілді: Ақтөбе облысында: жүк және қоғамдық көліктер үшін: 1.«Самара-Шымкент» автожолының 526-710-шақырымында, атап айтқанда БҚО шекарасы мен Құршасай ауылының аралығындағы учаскеде. Автокөліктің барлық түрі үшін: 2. «Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257-шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш пен Шалқар қалаларының аралығындағы учаскеде. 3. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 100-180-шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаскеде. 4. «Ақтөбе-РФ шек.» автожолының 39-136-шақырымында, атап айтқанда Ш.Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаскеде. 5. «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының» 0-39-шақырымындағы учаскеде. 6. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 180-250-шақырымында, атап айтқанда, Шұбарқұдық және Қарауылкелді ауылдарының аралығындағы учаскеде. 7. «Самара-Шымкент» автожолының 776-1153-шақырымында, атап айтқанда Белогорка ауылы мен КЭШИ айырығы аралығындағы учаскеде. Батыс Қазақстан облысында: Жүк және қоғамдық көліктер үшін: «Самара-Шымкент» автожолының 394-526-шақырымында, атап айтқанда Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді. Алматы облысында: 2021 жылғы 19 наурызда сағат 09.00-де Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасы, жолдың көрінбеуі) «Үшарал-Достық» автожолының 83-184-шақырымында, атап айтқанда Көктума ст.-Достық ст. аумағында көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды.  
评论