Әзербайжан мен Арменияның шекарасында атыс болып, бір адам қаза тапты

5961
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/1170002.6efffe5bde0ea07bc74725f97cea0105.jpg
Сейсенбі күні, 25 мамырда Арменияның шекара маңында Әзірбайжан әскери күштерінің қатысуымен атыс болды, деп хабарлады Армения Қорғаныс министрлігі.
"25 мамырда сағат 14: 20-да Гегаркуник облысындағы Верин Шоржа елді мекенінің шекара маңында екі тараптың қатысуымен қару қолдану оқиғасы орын алды.", — делінген хабарламада.
Атыстың нәтижесінде келісімшарт бойынша әскери қызметін өтеп жүрген армияндық сержант Хуршудян қаза тапты. 12-13 мамырда Әзірбайжан армиясының сарбаздары Сюник және Гегаркуник облыстарына кіріп кеткен. Армения осыған байланысты ОДКБ-ға көмек бер деп жүгініп отыр.
Бұған дейін Таулы Қарабақтағы бітімгершілік миссиясы мен армян-әзірбайжан шекарасындағы жағдайды Армения Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Вагаршак Арутюнян мен Қарабақтағы Ресей бітімгершілік контингентінің қолбасшысы Рустам Мурадов талқылаған болатын.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
评论