Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алаш Орда»: ұлттық идея және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына байланысты Ә.Пазылов пен Ж.Кадированың бірлесе дайындаған материялын назарларыңызға ұсынамыз.
Мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларына арқау болған қазақ қоғамындағы әлеуметтік жағдай сипатталған. Әсіресе, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» шығармасына талдау жасалады. Ономастика мен тарихтың сабақтастығы сөз болып, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларында көтерілген мәселелердің бүгінгі күнгі өзектілігі айтылады.
ХХ ғасырдың басында Ресей өзінің орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады. Қазақстандағы шұрайлы жерлерге мұжықтарды қоныстандыру, қауымдық жерлерді тартып алу, күнкөріс жерден айыру қазақ қоғамының әлеуметтік бөлшектелуін де туғызды.
1905-1907 жылдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, т.б. қазақ зиялылары патша өкіметінің қазақ жеріне жүргізіп отырған саясатына қарсы шықты. Мәшһүр Жүсіптің де саяси қайраткер болып шыңдалуына елде болып жатқан өзгерістер әсер етпей қоймады. Оның публицистикалық қызметінің оянуы және алғаш кітап шығаруы да осы кезеңге тап келді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 1907 жылы «Қазан» баспасынан үш кітабы жарыққа шығады.

Олар:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Олар:
- «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабының өлең түріндегі жазылған нұсқасы [1; 28-б] ;
- «Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы»;
- «Хал-ахуал» кітабының өлең түрінде жазылған нұсқасы [1; 24-б]. «Хал-ахуал» кітабының мұқабасында «Казань. Типо-литографія Императроского Университета 1907» деген жазу бар. Ал бірінші бетінде «Казань книжный магазинь Н-вь ХУСАИНОВЫХЬ» - деп жазылған.
- «Жасыбай асуы» - Жасыбай батырдың қалмақпен соғыста қаза тапқан жері.
- «Қалмақ қырған» - Олжабай батырдың қалмақты қырған жері.
- «Жалаңтөс асуы» - Олжабайдың қалмақ заманында қоныс қылып, қыстаған жері.
- «Шойынды көл» - Олжабайдан қашқан қалмақтар ыдыс-аяқтарын бір жерге жинап тастап кеткен. Содан әркім бір нәрсе тауып, солай атап кеткен.
- «Баянаула» - Сарыбайдың жалғыз қызы Баян сұлудың туған жері Баянаула тауы екен. Сондықтан да тау аты «Баянаула» аталып қалған.
- «Қарқаралы-Қазылық» - осы қыздың қарқарасы түсіп қалған жерді осылай атап кеткен.
- «Домбыралы», «Моншақлы» - домбырасы мен бет моншағы түсіп қалған жері.
- «Тоқырауын», «Жамшылы» - жамшысы түсіп қалған жері.
- «Алтынсандық», «Ақшатау» - сандығы түсіп қалған жер.
- «Өлеңті» - өлең айтып, той қылған жері.
- «Жауырбұғы» - аттарының шідері түсіп қалған жер [8, 277-б].
Ә.Қ.Пазылов,
Мәшһүр Жүсіп мұражайының қызметкері,
Ж.Ә.Кадирова,
С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университетінің магистранты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1990 ж.
- Шалғымбаева Жұмағыз «Қыспақ көрген кітаптар» //«Мәдениет» газеті, №13, 1993 жыл.
- Мәшһүр Жүсіп. Шығармалар, 1- том, Павлодар, ЭКО, 2003.
- «Жұлдыз» журналы, №12, 1992 жыл.
- «Қазақ әдебиеті» газеті, №4, 1994 ж.
- №1177-папка.
- Мәшһүр Жүсіп шығармалары. Павлодар: «ЭКО», 2004 жыл.
- Мәшһүр Жүсіп шығармалары. Павлодар: «ЭКО», 2004 жыл.