Алматыда көшеде ер адамды өлтіріп кетті

2419
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/tөrt-1.jpeg
Алматы қаласында көшеде ер адамды өлтіріп кетті. Қалалық Полиция департаменті «Буран-291» патрульдік экипажы күдіктіні ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«Ұсталған күдіктінің айтуынша, ол тек пышақпен қорғанған, ал қарудың қарсыласының денесіне қалай тигенін білмейді. Сонымен қатар, оның мас болғаны анықталды», - деп хабарлады полициядан.
Күдікті Алматы облысы, Қарасай ауданының 45 жастағы тұрғыны. Күдікті мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді. Арнайы топ оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыс қаруын тауып, сараптамаға жіберді.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料