100 млн доллар: Өзбекстан жүзім өсіруден көш бастамақ

4305
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/eki-3.jpg
Өзбекстанның коммерциялық банктеріне жүзім өсіруді қаржыландыру үшін 100 миллион доллар бөлінеді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«1 ​​гектар алқапқа жүзім егуге орташа есеппен 100 миллион сум жұмсалады. Ал ол 4 жылдан кейін 250 миллион сум пайда әкелуі мүмкін», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жердегі жүзімнің шығымы Азияның басқа елдеріне қарағанда 1,5-2 есе төмен. Сонымен қатар жүзім экспортын - 200 миллион долларға дейін, мейізді - 130 миллион долларға, ал табиғи шарап экспортын - 50 миллион долларға дейін ұлғайтуға болатындығы айтылды. Бұдан бөлек хабарламада шарап туризмін дамыту да ұсынылды.

"Адырна" ұлттық порталы

评论