2 бірдей кәмелет жасына толмаған бүлдіршіндер педофилдің құрбаны болды

3702
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/d508001b-0ff2-4cfe-8590-acdc2fdd2d46.jpeg
Петропавлда кәмелетке толмаған 9 және 13 жастағы екі қыз педофилдердің құрбаны болды. Бұл туралы “Адырна” ұлтттық порталы хабарлайды.  Солтүстік Қазақстан облысы ПД мәліметінше, 3 тамыз күні 9 жастағы балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
“Аталған факті "Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген ПД хабарламасында.
Өкінішке қарай, аталған екінші оқиға кеше болған. WhatsApp-та ата-аналар чаттарында кешке қарай педофилдің жас қызды зорлағандығы жайында ескерткен жазбалар тарады. Полицейлер бұл оқиғаның да орын алғанын растады.
“Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаны анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді ПД өкілдері.
评论
其他材料