Өткен айда Түркияда 30-дан астам провинцияны қамтыған өрт әлемнің назарын өзіне аудартты. 60 жыл болмаған ыстықтың қайталануы, құрғашылық, ішкі саясаттағы топтардың наразылығы келеңсіз жайтқа әкеліп соқты.
Қай мемлекетте орман көп?
Дереккөз:World Tourism Organization
Орман өрті кесірінен 10 адам қаза тауып, 1000-ға жуық азамат түрлі жарақат алды. Алапат өртті елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар "От балалары" тобы мойнына алды.Бұл олардың алғашқы істеген әрекеті емес. Жыл сайын олар қасақана өртеуді әдетке айналдырыпты.Олардың сөзіне сенсек,"Түркия режимі ешқандай тілді түсінбейді. Сол себепті оларды от арқылы тізе бүктіру" - керек-мыс.
Бұл өрт Түркиядағы су тасығыш тікұшақтардың жетіспеушілігін көрсетті. Салдарынан Әзірбайжан, Ресей, Украина, Иран сынды елдер ұшақ жіберумен жәрдем берді.
Орман өртеу қылмыс па?
Бразилия президенті Жаир Болсонару: "Ағаштарды қырқып, өртеу арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға болады" - деген сөзі көптеген жергілікті тұрғындарды шабыттандырып, қасақана орманды өртеуге атсалысты. Салдарынан 2019 жылы Бразилияда 80 мыңнан астам өрт оқиғасы (1,8 млн гектар Аманзонка орманы отқа оранды) тіркелді.
Амазонка орманы қай елдерде орналасқан?
1 Бразилия - 60%
- Суринам - мемлекеттің 98,26%-ы орманды құрайды.
- Габон - 90,04%
- Сейшель Аралы - 88,41%
- Палау - 87,61%
- Түркия - 15,35%
- Қазақстан - 1,23%

Түркияға туристер көп барады ма?
Орын | Мемлекет | 2019 жыл | 2018 жыл |
1 | Франция | 90 млн | 89,4 млн |
2 | Испания | 83,5 млн | 82,8 млн |
3 | АҚШ | 79,2 млн | 79,7 млн |
4 | Қытай | 65,7 млн | 62,9 млн |
5 | Италия | 64,5 млн | 61,6 млн |
6 | Түркия | 51,2 млн | 45,8 млн |
7 | Мексика | 45 млн | 41,3 млн |
8 | Таиланд | 39,8 млн | 38,2 млн |
9 | Германия | 39,6 млн | 38,9 млн |
10 | Ұлыбритания | 39,4 млн | 38,7 млн |

2015-2019 жж. аралығында Түркияға келген туристердің нәтижесі:
2015 жыл | 41 млн 617 мың | 31 млрд 464 млн доллар |
2016 жыл | 31 млн 365 мың | 22 млрд 107 млн доллар |
2017 жыл | 38 млн 620 мың | 26 млрд 283 млн доллар |
2018 жыл | 45 млн 628 мың | 29 млрд 512 млн доллар |
2019 жыл | 51 млн 860 мың | 34 млрд 520 млн доллар |
- Перу - 13%
- Колумбия - 10%
Қанат Байұзақов
"Адырна" ұлттық порталы