Нұрбек Түсіпхан: Вакцина алып па едің?

2621
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/210201080102069e.jpg
Вакцина алдып па едің? - Жоқ. Вакцинаға сенбеймін, бауырым! Ол адамның санын азайтуға арналған. - Қалай? - Жер бетінде 1 миллиард қана қалу керек. Сол үшін бәрі. Масондардың тірлігі ғой. - Масондар дегенің кім? Назарбаев па, Тоқаев па? - Ой, олар да пешка ғой. Біз оларды көрмейміз, білмейміз. Екі жылдан соң вакцина алғандар өледі. - Назарбаев та, Тоқаев та алды ғой. - Олардікі өтірік. Жанында тұрып па едің? - Жоқ. Назарбаевтың алғанын суреттен көрдік қой. - Хэх. Постановка ғой бәрі. - Мысалы мен сегіз ағайындымын. Сонда кейін соның біреуі ғана қала ма? - Получается, солай. - Өзің қаншасың? - Төртеуміз. Ешкім алмадық. - Сене алмаймын. Өзім бірінші дозасын алдым. Ештеңе болған жоқ. - Өзің ойлашы... Бір жылда пандемия деп дүниені астаң-кестең қылды. Бұл кімге пайдалы? - Ешкімге. Қаншама елдің экономикасы құлдырады. Компаниялар ақшадан айырылды. Сол миллиардерлер, сол елдің басшылары, қауіпсіздік қызметкерлері, тәуелсіз журналистері мен ғалымдары, зерттеу орталықтары түгел суайт па? - Суайт-муайт, білмеймін. Бірақ мына жер шарына адам сыймай бара жатыр. Вот. Сол үшін азайту керек. "Золотой миллиард" үшін бәрі. - Екі жылдан соң біттім бе сонда? - Құдай біледі. Әңгіме осы тұсқа келгенде үндемей қалдым. Алматы-Талдықорған трассасында жүйткіп бара жатқан көлік ішінен терезеге үнсіз қарап отыра бердім. Салонда шулап отырған бала-шағам да маужырап кетіпті...

Нұрбек Түсіпхан,

"Адырна" ұлттық порталы

评论