Елордада атыраулық ауылшаруашылығы өнім өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

1536
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/whatsapp-image-2021-09-19-at-18.07.15-2.jpeg
Нұр-Сұлтан қаласында  Атырау облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Атырау облысының тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қатынасуымен астаналықтарға 20 тоннадан астам ет, 36 тонна балық және балық өнімдері, 3 тонна сүт өнімі, 1 тонна шұжық өнімі, 90 тонна көкөніс өнімі, сондай-ақ 60 000 дана жұмыртқа, 0,5 тонна нан өнімі, 0,5 тонна ет консерві, 1 тонна макарон өнімі, 0,5 тонна ұн, жалпы көлемі 152 тонна өнім әкелінді. Өнімдер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұсынған баға мөлшеріне сәйкес сатылуда. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай өткізіліп жатқан осынау жәрмеңкеге келуші бас қаланың тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде. Атырау облысы делегациясын облыс әкімінің орынбасары Кайрат Нұрлыбаев бастап келді.
评论