«Фосфор» ауруханасы инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеуде

2694
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/1bba2806-4d56-4164-99c0-03f7f9d36ce4.jpeg
Шымкент қаласының №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде ашылып, жұмыс істеуде. Қазір медицина мекемесінде мамандар ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастарды қабылдап жатыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 250 төсек-орынға дайындалған инфекциялық стационардың жұмысымен танысып, емдеу мекемесін аралап көрді. Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді.. Мұнан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан  қосымша 100 төсек-орын ашылмақ. Айта кетейік, ауруханада ашылған инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар. Ал медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.
评论