Бүлдіршіндерге - тегін шеберлік сабағы

2153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/27d9eb5c-ac1b-4da4-81ca-22224e721d5b.jpeg
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Шымкент-Цирк» мекемесінің 10 жылдығына орай цирк әртістері бүлдіршіндерге тегін шеберлік сағаттарын өткізуде. Қатысушылар шеберлік сағатында сальто, акробатика, джигитовка, фокус, заманауи бидің әдіс-қимылдарын үйрене алады. Онда әртістер әр бүлдіршінмен жеке-жеке жұмыс істеп, бір сағат бойына шеберлігімен бөліседі. Сәрсенбіде цирк әртісі Азизбек Иристаев «5 минутта сальто» сабағын өтті. Жасөспірімдер сальто тастаудың қыр-сырын меңгеріп, жеңіл жаттығу жасаудың әдіс-тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ, бейсенбіде Құрманғазы Ізтілеуов сиқыр әлемінің сырымен бөліссе, бүгін Ұлықбек Медешов акробатикадан дәріс бермек. Осы сынды шеберлік сағаттары арнайы кестеге сай, жиі өтіп тұрады. Шеберлік сағатының жанры мен мерзімін Шымкент-цирктің әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады. Одан өзге, цирк ішінде «Circus Star» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге цирк өнерін кеңінен меңгеріп, манежде өнер көрсеткісі келетін 7-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Айта кетейік, өнер ұжымы 12-24 қазан аралығында «ON Цирк» жаңа бағдарламасын ұсынады. Бұл жолы Қырғызстан Республикасы мен Нұр-Сұлтан қаласы циркінің өнерпаздары таңдаулы қойылымдарын тарту етпек.
评论