«Жұлдызды 30 күн»

2643
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/09abda9a-6db0-4f20-9ce6-d58c962018ae.jpeg
Бүгін Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – «Жұлдызды 30 күн» жобасы аясында «Тәуелсіздік және ұлттық рух» атты ашық есік күні өтті. Мерекелік іс-шараға арнайы көрме ұйымдастырылып, мерекеге сай безендендірулер жүргізілді. Іс – шараға арнайы зиялы қауым өкілдері Б. Тіленшина, С.Олжабай, А.Бейбітбек, А.Мұратәлиева қатысып, Тәуелсіздік туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті.Сондай-ақ «Парасат», «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі,Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицей, Ақпан батыр атындағы №10 мектеп оқушылары және «Алтын дән» балабақша бүлдіршіндері кешті жандандырып, Тәуелсіздікке жыр-шашуларын тарту етті. Кеш тізгінін ұстаған кітапханашы Қ.Елекееваның жан тебірентерлік әндері, қос бүлдіршін Ермаханбет Нұрайлым мен Інжудің, «Алтын ғасыр» дуэті,М.Жаңбыровтың саксафондағы әуендері кеш қонақтарына керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кешті қорытындылаған кітапхана директоры Раушан Бабажанқызы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, белсенді ұстаздар мен оқушыларды алғыс хатпен марапаттады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткеніндей «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!».
评论