Утилизациялық алым жинайтын «ӨКМ Операторы» қызметі тоқтатылды

3573
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/0819d11f-6f53-4697-b125-26fbc8944123.jpeg
Үкімет «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ орындайтын болды»,– деп жазды баспасөз қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments