Алматыда ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды (ВИДЕО)

7517
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/whatsapp-image-2022-01-24-at-182207.jpeg
Алматыда ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймасы табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Құпия орын Шаңырақ ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйдің еденінің астынан табылды. Онда тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан төрт адам ұсталды.
- Тінту кезінде оқтары бар екі мырыш, 12 РГД және Ф-1 гранатасы, АК-47-ге арналған екі патрон, оқ өткізбейтін киім, қалқандар, дулығалар, РПГ снаряды, тегіс ұңғылы мылтық, тоғыз мылтық анықталды. Айғақты заттар тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді, - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі және 291-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар арсенал табылған жалдамалы үйде бірге тұрған. Олардың жасы 27, 35, 39-да.  

"Адырна" ұлттық порталы

Comments