Ертең Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

3060
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/12338278_12_-1_2374_1335_2072x0_60_0_0_e4bc8914697398cd054210507449c80b.jpg
Ертең Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өз фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ертең, 8 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады, - деп жазды ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments