Жан басына қаржыландыру - бюджет қаражатының тиімділігін арттырады

2432
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/902722fc-fc1f-46f0-b6f2-5b7a8cbdb853.jpeg
Бүгінде Шымкент қаласында 9 үш ауысымды білім ошағы қалған. Орын тапшылығын жою мақсатында жан басына қаржыландыру жүйесі септігін тигізуде. «Жас дарын-3» жеке меншік мектептің құрылысымен танысу барысында қала әкімі инвесторлар есебінен салынатын білім нысандары тиімділігіне тоқталды. «Жан басына шаққандағы қаржыландыру – бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін арттырады, жалпы білім беретін мектептердің материалдық жағдайын жақсартады және жұмыс нәтижелерін ынталандырудың қосымша шаралары есебінен педагогтың беделін жоғарылатуға септігін тигізеді»,-деді М.Әйтенов. Мектепті ағымдағы жыл пайдалануға беру жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments