Бангкок қаласы енді жоқ

3296
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/75.jpg
Таиланд астанасының ресми атауы енді өзгерді. Ендігі таңда ол Бангкок деп аталмайды. Бұл туралы Корольдік қоғамның кеңсесі жариялады және министрлер кабинеті мақұлдады. Оның орнына қалаға тарихи атау - Крунг Тхеп Маха Нахон қайтарылады. Алайда, жаңа ресми атау барлық заң жобасын тексеруге жауапты комитет тексергеннен кейін қабылданады. Жаңашылдық көпшіліктің көңілінен шықпағаннан кейін ведомство Facebook-тегі парақшасында құжаттардағы Бангкоктың ескі атауын ресми атаудан кейін жақшада қолдануға болатынын хабарлады. Бангкок атауы 2001 жылдың қарашасынан бастап сол бөлімнің бұйрығымен қолданылып келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments