Утильалым: 3001 текше сантиметрге 3 522 450 теңге

3348
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/cd7abc57-bccd-441d-98d4-71b926a5d079.jpeg
Премьер министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утильалым бағасының 50%-ға арзандайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Сондай-ақ, ол, автосалондардағы көлік тапшылығы әлемдегі микросхема (чиптер) тапшылығына байланысты екенін айтты. Қозғалтқыш көлемі 1000 текше сантиметрге дейінгі автомобильдерге арналған коэффициент 3 (153 150 теңге * 3 = 459 450 теңге). Қозғалтқыш көлемі 1001-ден 2000 текше сантиметрге дейінгі автомобильдерге арналған коэффициент 7 (153 150 * 7 = 1 072 050 теңге). Қозғалтқыш көлемі 2001-ден 3000 текше сантиметрге дейінгі көліктерге арналған коэффициент 10 (153150*10 = 1521150 теңге). Қозғалтқыш көлемі 3001 текше сантиметрден жоғары автомобильдерге арналған коэффициент 23 (153 150 теңге * 23 = 3 522 450 теңге). Жүк көліктері мен автобустарға басқа коэффициенттер қолданылады.

”Адырна” ұлттық порталы

Comments