Дәурен Абаев спорт жеңімпаздарына өмір бойы берілетін төлемді 306 мың теңгеге көтерді

4767
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/7cbb0688-1dcc-4833-9d9d-f0926e046bd4.jpeg

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев спорт жеңімпаздары мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлемді 306 мың теңгеге дейін көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Вице-министрге чемпиондар, жүлдегерлер мен жаттықтырушыларды өмір бойы материалдық қамтамасыз ету мөлшерін 100 АЕК-ге (306 300 теңге) дейін өсіру жобасын қарауды тапсырамын", – деді Дәурен Абаев. 

Қазіргі таңда елімізде Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада чемпиондарына өмір бойы берілетін төлем мөлшері 24 АЕК-ге тең.

”Адырна” ұлттық порталы

Comments