Ресей халқына 30 наурыздан бастап Қазақстан мен Моңғолия елдеріне емін-еркін жүріп-тұруға рұқсат берді, деп хабарлады “Адырна” тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресейдің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штабының хабарлауынша, енді шетелде жұмыс істегесі келетін кез келген азамат Қазақстан мен Моңғолияның шекарасын аттап басып, емін-еркін жүре алады. Бұған дейін Ресейде індеттің кеңінен таралуына байланысты шекара уақытша жабылған болатын.
Қазір осы мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қазақстан азаматтарының көбісі өздерін ресейлік мамандардың жұмыс орындарынан ығыстырып, тартып алулары мүмкін екенін айтуда.
“Адырна” ұлттық порталы
Related news
“No need for an uprising.” The father of the deceased issued an appeal regarding the incident in Talgar
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
