Нығматулин мен Байбек тексеріліп жатыр - БАҚ

3519
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/43a5cc34-9cdd-450e-8d2f-b6329773c0de.jpeg
Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр деген ақпарат пайда болды. Бұл туралы «Выход к правде» тelegram-каналы жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Бүгін желіде жазып жатқандай,  Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің де «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр» — делінген аталған хабарламада.
Бұл туралы әзірге ресми мәлімдеме жоқ. Алайда бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл екі шенеунік те елімізден кетіп қалған.

”Адырна” ұлттық порталы

 
Comments