Нұр-сұлтандық ұжымының көзінше сотталды

4981
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/shutterstock_521795257-960x500.jpg?token=92ff9d763a91b6ed408855d837d8981a
Нұр-Сұлтанда сотталушы ұжымының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша үкім жария етілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "Ulysmedia.kz"-ке сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкеріне үкім шығарды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Ол Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша қаражатын алу фактісі бойынша, пандемия кезеңінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды. Үкімді жариялау сотталушы ұжымының, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы өтті», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 2021 жылдан бастап алдын алу шарасы ретінде қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер ұжымдарының сот отырыстарына қатысу практикасы енгізілді.  

 "Адырна" ұлттық порталы 

Comments