Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 6 маусымда Лондонда өтетін болды.
«Менің келесі жекпе-жегім Лондон қаласында 6 маусымда Йорк Холда өтеді. Бұл менің Ұлыбританиядағы дебюттік кездесуім болады», - деп жазды боксшы өзінің Инстаграм парақшасында.
Еске сала кетсек, 29 сәуірде Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Оның америкалық боксшы Ноа Киддпен
"Let the compensation be paid in cash." The people of Kulsary gathered in front of the mayor's office
жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтті. Алты раундқа есептелген жекпе-жектің үшінші кезеңінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп Данияр өзінің кәсіби бокстағы алғашқы жеңісін тойлаған еді. Аталған кездесуден кейін Елеусінов кәсіби боксшылардың әлемдік рейтингіне кірді.
____________________________________________________________________________________________________________
Related news

inform.kz