Шымкентте кезекші ХҚО жұмысын қайта бастады

1830
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/13d2bf4f-c0f0-4342-8eab-d2c1f94ef9ec.jpeg
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кезекші ХҚО-ның жұмысын қайта жаңдандыру туралы шешім қабылдады. Енді Мәделі қожа көшесі, 1/16 мекенжайында орналасқан ХҚО-ның №1 бөлімі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қаланың қалған ХҚО-лары жұмысын әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады. Естеріңізге сала кетейік, тұрғындар мемлекеттік бажды Homebank және Kaspi қосымшаларындағы QR-код арқылы төлей алады.
Comments