Батуттан зардап шеккен үш бала жансақтау бөлімінде жатыр

3034
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/05/Batut.jpeg
№ 2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов батут аударылып, зардап шеккен балалардың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бір баланы жансақтау бөлімінен травмотология бөліміне ауыстырдық, яғни екеуі профильдік бөлімшелерде. Үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Қазір ештеңе болжап айта алмаймын. Олар қаралып жатыр", - деді бас дәрігер. Досмаиловтың айтуынша, балалардың жағдайын білуге Астана әкімі Әсет Исекешев келген.  Еске салайық, оқиға 4 мамырда болған еді. Уәлиханов көшесіндегі "Жаннұр" сауда үйінің маңында батутты жел аударып кеткен болатын. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, батут шамамен 20 метрге дейін ұшып кеткен. ___________________________________________________________________________________________________________________

tengrinews.kz

Comments