Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Анытқабір кесенесін аралап көрген Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тамырлас түрік жұртына зор құрметін білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуын, екі ел ынтымақтастығының арта беруін және бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі. Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.
“Адырна” ұлттық порталы
Related news
The Development Bank of Kazakhstan, which enriched the Nazarbayev dynasty, will be radically reformed
"There was no basic fire fighting equipment." Mine rescuers told about the security system in the Karaganda mine (VIDEO)
