Өсімдік майларын экспорттауға тыйым салды

3136
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/zagruzhennoe-4.jpg
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің бұйрығымен 1 маусымнан бастап күнбағыс, мақта және өзге де өсімдік майларын экспорттауға тыйым салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Газете.uz басылымы хабарлағандай, қаржы министрінің орынбасары Дилшод Султанов қазір әрбір мемлекет ішкі азық-түлік қауіпсіздігін ойластырып жатыр деп мәлімдеген.
"Қазір барлық әлемде ішкі қауіпсіздікті бірінші қамтамасыз ету тенденциясы жүріп жатыр. Тіптен жақында ең ірі экспорттаушы Үндістанның өзі қантты сыртқа сатуға тыйым салды", - деді ол.
Наурыз айында Ресей өсімдік майын экспорттауға шектеу енгізген. Өсімдік майы Өзбекстанға негізінен Ресей мен Украинадан, сондай-ақ Қазақстаннан келетін.

                                                                                                                                                        "Адырна" ұлттық порталы                                        

Comments