Байқоңырлық балалар мерекеде сайысқа түсті

2752
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/bc333b3f-315f-4f2e-a1e3-0f940b13dab4.jpeg

«2022 жыл - Балалар жылы» және 1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күні аясында Байқоңыр қаласының бүлдіршіндері №1 Демалысорнында облыстық жастар ресурстық орталығы «Байқоңыр» қалалық бөлімі және РФ қарасты "Мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт" басқармасымен бірлесе балғындарға арнап «Фейс-арт» мерекелік шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шарада балалар тек сурет салып қана қоймай, өздері де мерекелік көңіл-күйді сезіну мақсатында беттерін бояп, ерекше әсерде мерекені атап өтті.

Сондай-ақ, мерекелік кеште балаларға арнап түрлі бағыттағы ойын-сауықтар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Кеш соңында барлық қатысушы бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар үлестірілді.

”Адырна” ұлттық порталы

Comments