Украина АҚШ-тан келетін қару-жарақ мерзімін атады. Бұл туралы Unian порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ленд-лиз аясында америкалық қарудың алғашқы партиясын қабылдау туралы ақпарат екі-үш аптадан кейін пайда болады. Мұндай мәліметтерді президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович айтты.
Оның айтуынша, АҚШ-тан Украинаға әскери техника үлкен кемелермен жеткізілетін болады.
"Қару-жарақты дайындауға екі аптадай уақыт кетеді, одан кейін кеме 10-12 күн Атлант мұхиты арқылы жүзіп, Еуропаға келеді. Сосын ғана Украинаға жетеді. Бұл кем дегенде бір ай уақыт алатын іс екенін түсінуіміз керек", - дейді Арестович.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
Yerzhan Myrzabayev was appointed as the Vice Minister of Industry and Infrastructure Development of the Republic of Kazakhstan
"The situation of neighboring China is difficult".the Minister assured that there will be no lockdown
