Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке барды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бүгін түске дейін Мемлекет басшысы Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.
Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
The Development Bank of Kazakhstan, which enriched the Nazarbayev dynasty, will be radically reformed