"Халық саны өсіп жатыр": Шымкентке LRT салынуы мүмкін

2910
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/photo_400394.jpeg
Шымкентке LRT салынуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.  Қала әкімі бұл жобаның іске асып-аспауы әлі де жан-жақты қарастырылатынын мәлімдеп, нақты шешім қабылдамағанын айтты.
"Алайда халық динамикасы күннен күнге өсіп жатыр. Сол үшін, мегаполиске мұндай баламалы жолдар қажет", - деді әкім.
Осылайша 2035 жылға дейінгі қаланың бас жоспарына сәйкес Шымкентте ЛРТ, яғни жеңіл рельсті көлік жолағы салынуы мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы 

Comments