Кәсіпкерлерден 50 млн теңге ақша бопсалаған журналист Махамбет Абжан ұсталды

5379
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/mahambet-abzhan.jpg
Кәсіпкерлерден 50 млн теңге ақша бопсалаған журналист Махамбет Абжан ұсталды. Бұл туралы Антикор хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамауға алынды.  М.Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды",- делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments