Қызылорда облысына 80 спорттық ойын алаңы салынады

3031
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/8940b0d3-191e-4598-a98f-97a884354ac7.jpeg

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балалар жылына тарту ретінде Сыр өңірінде кәсіпкерлердің демеушілігімен аймақта 80-ге жуық спорт-ойын алаңы салынатынын жеткізген еді. Оның Қызылорда қаласында 50-і, аудандарда 30-ы бой көтереді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бүгінде игілікті іс Қызылорда қаласынан бастау алды. Жергілікті кәсіпкерлер жаңадан салынатын ойын алаңдарының жеручаскелерін белгіледі. Мәселен, «Корпорация Алем-құрылыс» мекемесі «Бәйтерек» мөлтек ауданы, Бала-мекен елді мекеніндегі ойыналаңының жерін тегістеп, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар аудандар да жүргізілмек.

Еске салайық, өткен жылы 25 ойын алаңы пайдалануға берілді. Нысандар қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларынаорналастырылды.

Мұнан бөлек, биыл қалалық бюджеттен қалааумағына 3 ойын алаңын салу жоспарлануда. Бұл нысандарды салуда халықтың сұранысы ескеріледі.

Айта кетейік, тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттырумақсатында биыл облыста 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі.

”Адырна” ұлттық порталы

Comments
Other materials