АҚШ қаржы министрлігі ресейлік Альфа-банктің бұрынғы қазақстандық еншілес ұйымын санкциялар тізімінен шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Еске салайық, мамыр айында Қазақстандағы Альфа-Банктің үлесін ЦентрКредит Банкі сатып алып, сол жерде ребрендинг жасаған болатын. Бүгінде қаржы институтының жаңа атауы бар - Eco Center Bank. Қазақстанда бұл санкцияға ұшыраған банкті сатып алудың бірінші оқиғасы.
Ақпан айының соңында АҚШ, ЕО және Ұлыбритания ресейлік Альфа-банкке салалық санкциялар салды. Сәуірде АҚШ банкке, оның ішінде қазақстандық еншілес ұйымға да толық блоктау санкцияларын салған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
About 20 flights were delayed. Astana airport was closed due to the emergency landing of the Swissair plane
Euro-cooperation: France plans to build a nuclear power plant in Uzbekistan, from which it imports uranium