Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгерді

540
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BwyWPQplUU9JOA7oaYPbBKKFz7r30btR8wJ3cRT3.jpg

Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты 08:00-ден 17:30-ға дейін өзгертілді. Бұл туралы бүгін, 16 маусымда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ал түскі үзіліс уақыты 12:30-дан 14:00-ге дейін болады.

«Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті сегіз сағаттық жұмыс күні толық көлемде сақталады»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, наурыз айында ШҚО-дағы Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самар аудандары жаңа жұмыс кестесіне ауысқан еді.

Comments
Other materials