Қытай Орталық Азия елдеріне қайтарымсыз 1,5 млрд юань грант бөледі

298
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jjjDCZyME3W8PiB50iBcoQzGbie2GOxI8YbIsKMm.png

Астанада өтіп жатқан "Орталық Азия - Қытай" саммитінде Қытай төрағасы Си Цзиньмин Орталық Азия елдеріне грант бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна". 

Қытай Орталық Азия елдеріне халықтың әл-ауқатын арттыруға және өз даму жолдарын қолдауға бағытталған маңызды жобаларды іске асыру үшін 1,5 миллиард юань көлемінде қайтарымсыз грант ұсынуға дайын, — деді Си Цзиньпин Астанада

өткен саммит барысында.

Сондай-ақ, Қытай алдағы екі жыл ішінде Орталық Азия елдеріне кәсіби даярлау курстарына қатысу үшін 300 квота бөлуді жоспарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды. Мұндай саммит алғаш 2023 жылы Қытайдың Сиань қаласында өткен.

Comments