Қазақстан Ираннан 109 азаматын эвакуациялады

368
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/b0FUcW7WGl1Gb6J93bvCNa0TElvq0A1DBa1tOfWa.jpg

Қазақстан Ирандағы ахуалдың ушығуына байланысты 109 азаматын жедел эвакуациялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы сыртқы істер министрлігіне сілтеп.

Министрліктің мәліметінше, бұл шара сыртқы істер министрлігі, салалық мемлекеттік органдар және шет елдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері арасындағы үйлесімді жұмыс нәтижесінде жүзеге асты. Эвакуацияланған азаматтардың барлығы аман-есен елге оралды.

ҚР азаматтары аймақтық транзиттік елдер

арқылы елге жеткізілді. 89 адам Түрікменстан арқылы эвакуацияланса, 20 адам Әзербайжан арқылы елге жеткізілген.

Барлық азаматтарға консулдық және құқықтық көмек көрсетіліп, отанға қайту үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілгені хабарланды.

ҚР сыртқы істер министрлігі Иран, Түрікменстан және Әзербайжан билігіне көрсеткен көмегі мен сындарлы әріптестігі үшін алғыс білдірді. 

Comments