Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік соты көлікке бейәдеп жазуы бар жапсырма жапсырған әйелге әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri Auto-ға сілтеп.
Оқиға 10 маусым күні тіркелген. Жол-патруль қызметі әйел жүргізушінің көлігінен әдепке сай келмейтін сөздер жазылған жапсырма тапқан.
Жүргізуші сотта бұл жазбаны жол қозғалысы қауіпсіздігіне қоғам назарын аудару мақсатында орнатқанын айтып, мұндай сөздер жүк көліктерінде
Related news
Алайда сот мұндай әрекетті қоғамға құрметсіздік таныту әрі қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалады. Автокөлік қала көшелерінде жүргендіктен, жазуды көптеген адамның көргені есепке алынды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 78 640 теңге айыппұл салынған.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.