Иранның Shahed-136 ұшқышсыз ұшу аппараттарына ұқсас дрон Маңғыстау облысынан табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Болашақ» ауылдық округіне қарасты Бопай станциясының маңынан белгісіз нысан табылды. Қазіргі таңда бұл оқиға жөнінде тиісті органдарға хабар берілді»,—делінген хабарламада.
Оқиға орнына құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметі жетіп, мән-жайды анықтап жатыр.
Иран 2022 жылдың күзінен бастап Ресейге Shahed-136 ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізе бастады деген


Иран да, Ресей де бұл дрондардың Украинадағы соғысқа қатысы барын жоққа шығарып келеді. Алайда бірқатар журналистік зерттеу, сарапшылардың пікірлері мен құпия құжаттардағы мәліметтер бұл мәлімдемелерге қайшы келетін жайттарды көрсетіп отыр.
Еске салайық, бұған дейін БҚО-ның Жәнібек ауданында да дрон табылған еді.